ЭБЖМ деканы Сагиева Р.К. Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мейірім" төсбелгісімен марапатталды

05.03.2021

Көрулер: 1910

 

2021 жылдың 5-ші наурызында университеттің Ғылыми кеңес мәжілісінде Экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы, экономика ғылымдарының докторы, профессор міндетін атқарушы Сагиева Римма Қалымбекқызы Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мейірім" төсбелгісімен марапатталды. Төсбелгіні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма төрағасы - ректор Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы табыстады. Шын жүректен құттықтаймыз! Еңбегіңіз жемісті болып, биік белестерден көріне беруіңізге тілектеспіз.