ЖОО мен бизнес-ортаның әріптестігі: еуропалық тәжірибеге негізделген стандарт

13.02.2020

Көрулер: 1786

 

2020 жылдың 12 ақпанында Erasmus+ ENINEDU жобасының командасы жоба шеңберінде әзірленген Стандарт пен әдістемелік ұсынымдарды "Заманауи жағдайда ЖОО бітірушінің құзыреттілік моделі" халықаралық дөңгелек үстелінде ұсынды. Дөңгелек үстел 50-ші Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция аясында әл-Фараби ат. ҚазҰУ ЭжБЖМ Менеджмент кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілді.

 

Erasmus+ ENINEDU жобасының институционалдық координаторы Жидебекқызы Ақнұр жоғары оқу орындары мен бизнес-секторлардың өзара әрекеттестігі бойынша еуропалық елдердің тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ серіктес-жұмыс берушілерді стандарттармен танысуға және оның мазмұны бойынша пікір білдіруге шақырды.

 

Іс-шара ерекше маңызға ие, себебі Алматы қаласының академиялық құрылымдарымен, Ресей мен Беларусь елдерінің серіктес жоғары оқу орындарымен, ЖОО түлегінің құзыреттілік моделін әзірлеу кезінде ЖОО-ның жұмыс берушілері мен түлектерімен өзара іс-қимыл мәселелерін өзектендіреді.