«ТМД-ға мүше мемлекеттердің қоғамдық дипломатиясы: аймақтардың әлеуеті» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция 15-17 қазан 2019 ж. Белгород қаласы (Ресей Федерациясы)
Көрулер: 1956
«ТМД-ға мүше мемлекеттердің қоғамдық дипломатиясы: аймақтардың әлеуеті» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында 2019 жылғы 15-17 қазан аралығында Белгород қаласында (Ресей Федерациясы) Интерфакс-Белгород медиа орталығының базасында баспасөз конференциясы өтті. Ресей, Беларусь, Армения, Молдова, Қырғызстан және Қазақстаннан келген өкілдер журналистердің еуразиялық интеграция мүмкіндіктеріне қатысты сұрақтарына жауап берді. Баспасөз конференциясына қатысушылар ынтымақтастықтың қазіргі бағыттарын, жаңа қатысушы мемлекеттердің ЕАЭО-ға кіру мүмкіндіктерін талқылады.
Аймақаралық өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттарының бірі ретінде сарапшылар «қос диплом» бағдарламасы бойынша алмасу бағдарламалары мен білім алу жүйесін атап өтті. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.д., профессор Тургинбаева А.Н. Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қазірдің өзінде осы салаларда ынтымақтастық орнатуға кіріскендігін атап өтті. Атап айтқанда, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша 2018-2019 оқу жылында бакалавриат бойынша академиялық алмасуы жүзеге асты және ағымдағы 2019-2020 оқу жылында магистранттар үшін «қосдиплом» бағдарламасы бойынша оқыту жоспарланды.






