«ТМД-ға мүше мемлекеттердің қоғамдық дипломатиясының интерактивті моделі»

16.10.2019

Көрулер: 1646

   2019 жылғы 16 қазанда Белгород қаласында (Ресей Федерациясы) «Точка кипения – Белгород» ұжымдық жұмыс кеңістігінде жоба аясында «ТМД-ға мүше мемлекеттердің қоғамдық дипломатиясының интерактивті моделі» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.

   Дөңгелек үстел барысында цифрлық қоғам дәуіріндегі қоғамдық дипломатия саласындағы сенімділіктің негізгі проблемалары, еуразиялық кеңістіктегі қоғамдық дипломатия мен шекарааралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері, гранттық қолдауға өтінімдер әзірлеу мен берудің негізгі талаптары қарастырылды.

   ТМД, ЕО және Ресейдің әртүрлі аймақтарынан келген сарапшылар қоғамдық дипломатия мәселелері бойынша интерактивке қатысты және ТМД-ға мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық перспективалары бойынша өз жобаларын қорғады. Қазақстандық делегация құрамын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.д., профессор Тургинбаева А.Н. және кафедра оқытушысы Тынабекова Г.Н. таныстырды.