«ЕАЭО мүше мемлекеттерінің шекарааралық және аймақаралық өзара іс-қимылы» халықаралық Форсайт сессиясы
Көрулер: 1925
2019 жылғы 15-17 қазанда Белгород қаласында (Ресей Федерациясы) «ЕАЭО мүше мемлекеттерінің шекарааралық және аймақаралық өзара іс-қимылы» атты халықаралық форсайт сессиясы өтті. Іс-шараға Ресей, Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Латын Америкасы, Африка, ТМД және Еуропалық Одақ аймақтарынан 80-нен астам сарапшылар қатысты.
Пленарлық отырыста ТМД, ЕО және Ресейдің әртүрлі аймақтарының ғалымдары мен сарапшылары баяндамалар жасады. Ғылыми қоғамдастық өкілдері қоғамдық дипломатия, ТМД-ға мүше мемлекеттердің интеграциясы, шекара маңындағы ынтымақтастық және аймақаралық өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Халықаралық форсайт сессиясына Қазақстаннан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.д., профессор Тургинбаева А.Н. және кафедра оқытушысы Тынабекова Г.Н. қатысты.Тургинбаева Ардақ Несипбековна жоғары білім саласындағы қоғамдық дипломатияның ерекшеліктерін, білім беру бағдарламаларын модернизациялаудың негізгі тенденцияларына тоқталды.






