әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- дағы Erasmus + жобаларының кластерлік кездесуі
Көрулер: 1881
15 мамыр 2019 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Erasmus+ ұлттық кеңсесінің "Білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша жобалар: жұмыс берушілер мен басқа да мүдделі тараптардың қатысуы" атты кластерлік кездесуі өтті.
ENINEDU жобасының мүшелері пленарлық отырысқа және Erasmus+ жобаларының көрмесіне қатысты. ENINEDU жобасының ҚазҰУ атынан үйлестірушісі Жидебекқызы Ақнұр "Білім беру бағдарламаларын әзірлеу барысында жұмыс берушілермен әріптестікті ұйымдастыру формалары" тақырыбында баяндама жасады. Кластерлік кездесудің негізгі тақырыбы "Білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша жобалар: жұмыс берушілер мен басқа да мүдделі тараптардың қатысуы" болды. Жұмыс берушілер мен басқа да мүдделі тараптарды білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға тарту тәжірибесі, Erasmus+ шеңберіндегі жобалардың нәтижелері мен орнықтылығын іске асыру және қамтамасыз етуде стейкхолдерлердің әртүрлі санаттарының қатысуын белсендіру бойынша ұсыныстар талқыланды.







