КЕIMYUNG UNIVERSITY-дегі ЖАЗҒЫ МЕКТЕП

23.07.2019

Көрулер: 1819

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінің студенттері, Әйгерім Құралова, Назерке Нышанбай және Венера Аманқұл Корея үкіметінің грантын жеңіп алды.

 

Қыздар Keimyung University жазғы мектебінің жұмысына қатысады. Бағдарламаның мақсаты - жаһандық қоғамның дамуына, елдер арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға үлес қоса алатын болашақ көшбасшыларды анықтау. Экономиканы, сауданы және бизнесті дамытуға арналған жазғы мектеп Орталық Азияның ең дарынды студенттерін жинайды. 5 аптаның ішінде олар Оңтүстік Кореяның жетекші университетінің оқуына қатысады. Keimyung университеті Оңтүстік Кореяның ұлттық рейтингінде үнемі жоғары орынға ие болып келеді. Бүгінгі таңда университет Дегу қаласының әртүрлі бөліктерінде орналасқан үш кампустан және 18 факультеттен тұрады.

www.kaznu.kz