ҚазҰУ-да Наурыз мерекесі атап өтілді
Көрулер: 2008
Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының екі жылдық шеңберінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жаңарудың белгісі және халық мәдениетінің көне коды Наурыз мерекесін кеңінен атап өтті.
Биылғы жылы Наурыз мерекесі ерекше өтті. Біздің Альма-матер 85 жасқа толып отыр және бұл тарихта тек жоғары жетістіктермен ғана емес, сондай-ақ енді университеттің жаңа көрікті жері - Алма бағы болып белгіленеді. ҚазҰУ-дың Алма бағының салтанатты ашылуын атап өтуге және құттықтауға Қазақстанда тіркелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, көрнекті қоғам қайраткерлері мен ғалымдар, түлектер, ҚазҰУ студенттері келді.
ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов студенттер мен қонақтарды қарсы алып, "Рухани жаңғыру"бағдарламасының екі жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген мерекенің символдық мәнін атап өтті. Сананы жаңартудың маңыздылығын айта отырып, ректор Елбасы Н. Назарбаевтың сөзін ортаға салды. "Егер біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында өзінің қайталанбас орны бар ұлт болғымыз келсе, әлемді мәдени жетістіктер бойынша таныту керек". Өз мақаласында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлы дала қырының бірі - алма мен қызғалдақ деп атады. Алматы – алма мен қызғалдақ қаласы. Қызғалдақтар мен алмалардың көптігі осы күнге дейін қонақтар мен туристерді қуантады. Осыған байланысты ҚазҰУ-да қайта өрлеу мәдениеті мен дәстүрлеріне құрмет ретінде алма бағы отырғызылып, оған қонақтар мен студенттер қатысты.
Сонымен қатар, мереке аясында "Парасат" университеті қызметкерлерінің кәсіподағы ұйымдастырған "таза кампус" байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Шара барысында қонақтар, оқытушылар мен студенттер Елбасы мақаласының желісі бойынша және университеттің көркем ұжымы дайындаған "Ұлы даланың жеті қыры" атты музыкалық-театрландырылған көріністің куәгерлері болды. Бағдарламада қазақ даласының ұлы жетістіктері: атқа міну мәдениеті, ежелгі металлургия және аң стилі, Алтын адам және Ұлы Жібек жолы, Қазақстан Түркі әлемінің бесігі – ұлы ойшылдардың Отаны ретінде көрсетілді. Сондай-ақ, қазақтардың мәдени дәстүрлері кеңінен насихатталды.
Кампус аумағында 25 киіз үйден тұратын этноауыл орналасып, мереке қонақтары мен қатысушылары кәдесыйлар мен зергерлік бұйымдар көрмесімен танысты, ұлттық тағамдар мен дәстүрлі наурыз көже таратылды, алтыбақанда жастар жағы көңіл көтерді.