Деканның орынбасары Жидебекқызы Ақнұр "Үздік жас ғалым" атанды
12.04.2019
Көрулер: 2779
«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік жас ғалымы» байқауы жыл сайын ғылыми-зерттеу жұмыстарын ынталандыру және ғылыми-зерттеу нәтижелерін оқу және ғылыми үдерістерде пайдалануды күшейту мақсатында өткізіледі. 2019 жылы байқаудың нәтижелері VI Фараби оқуларының жабылу салтанатында қорытындыланды.
Конкурста Экономика және бизнес жоғары мектебі деканының орынбасары Ақнұр Жидебекқызы жеңімпаз атанып, «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің үздік жас ғалымы» дипломымен марапатталды.







