Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттерінің Экономика және басқару институты базасындағы академиялық мобильдігі

10.04.2019

Көрулер: 2160

Ағымдағы жылдың 4 ақпанынан бастап Экономика және басқару институтында академиялық мобильдік аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері білім алуда.

ҚазҰУ Қазақстан Республикасының Алматы қаласында орналасқан және біздің университетпен серіктестік қарым-қатынасы жақсы орныққан.

Қазіргі уақытта ҚазҰУ Экономика және бизнес Жоғары мектебінің «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының студенттері Ерболова Айым, Досай Санжар, Тулекбаева Құралай «Мемлекеттік және муниципалдық басқару» дайындық бағытының екінші курсында және ҚазҰУ География және табиғатты пайдалану факультетінің «Рекреациялық география және туризм» кафедрасының студенттері Әділбек Бекзат, Шанбай Илесбек, Сарсенғали Мерей, Пауеденова Гүлмира «Туризм» дайындық бағыты бойынша 2 курста оқу үстінде.

ҚазҰУ-дың студенттері академиялық мобильділік  бағдарламасы  бойынша тек білім алып қана қоймай,  қосымша рухани-мәдени және ғылыми іс-шараларға қатысуды көздейді. Сонымен қатар, қонақтар біздің студенттерді Қазақстанның жоғары оқу орындарында семестрлік оқудан өтуге қызықтыру мақсатында институт өткізетін ақпараттық сессияларға қуана қатысады.

Студенттер үлкен ықыласпен біздің университет туралы өз әсерлерімен бөлісіп, ҚазҰУ-да білім алу ерекшеліктері туралы  пікір алмасуда.

«Серіктес жоғары оқу орындарында семестрлік оқыту студенттерге түрлі білім беру жүйелерімен танысуға және болашақта жұмысқа орналасу кезінде өзін сенімді сезінуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Экономика және басқару институты директорының орынбасары Лариса Николаевна Шмигирилова.