«ЭКОНОМИКА» КАФЕДРАСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Көрулер: 2314
2019 жылдың 8-11 сәуірінде өткен «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясында «Заманауи экономикалық өсу факторлары: теориясы мен тәжірбиесі» атты екінші секциясы бойынша барлығы 79 ғылыми мақала қабылданып, оның 32-сіне баяндама жасалды. Секцияның мақсаты – Қазақстан экогомикасының өндіріс секторының дамуына, экономиканың түрлі салаларындағы заманауи экономикалық өсуге және оның тиімділігін арттыру бағыттарына ретроспективті талдау жасау. Аталмыш секция бойынша төрайым профессор м.а., доцент Байтанаева Б.А., «Экономика» кафедрасының меңгерушісінің орынбасары Қондыбаева С.Қ., ал секция хатшысы оқытушы Қабылқайратқызы Рысжан болды.
Екінші секцияның нәтижесі бойынша мына студенттер жүлделі орындарға ие болды:
I дәрежелі дипломмен: Әбенова Айнұр Полатқызы «Кәсіпкерлікте сандық технологияларды дамыту мәселелері» – ғылыми жетекші Кулиев И.У.
II дәрежелі дипломмен: Мәлік Зарина «Кинокөрсетілім – креативтік экономиканың маңызы және оның әлемдік экономикаға әсері» – ғылыми жетекші Нұрғазы Ш.
II дәрежелі дипломмен: Тлетай Еркежан «Экономикада инновациялық белсенділікті қолдау мәселелері» – ғылыми жетекші Кулиев И.У.
III дәрежелі дипломмен: Ақатқызы Аружан «Инвестициялаудағы тәуекелдерді бағалаудың заманауи әдістері» – ғылыми жетекші Тұраров Д.Р.
III дәрежелі дипломмен: Оразақын Замира Абайқызы «Инновациялық концепцияның дамуы» – ғылыми жетекші Исаева А.Т.
III дәрежелі дипломмен: Үргенішбай Ақерке Cүлейменқызы «Экономикалық өсуді мемлекеттік реттеу» – ғылыми жетекші Тұраров Д.Р.






