Профессор Тулегенова М.С. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы

10.04.2019

Көрулер: 2419

Экономика және бизнес жоғары мектебінің "Экономика" кафедрасының профессоры, э.ғ.д. Тулегенова Мадина Сакеновна Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы шешіміне пікір білдірді.

"Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы жөніндегі ел басшылығының шешімі теңдестірілген және уақтылы болып табылады. Біріншіден, өткізілетін сайлаудың ашықтығы мен демократиялылығына қазіргі Қазақстан президенті Қ.Қ. Тоқаев кепіл беріп отыр; екіншіден, кезектен тыс сайлау 2017-2018 жылдары экономиканың жоғалтылған мүмкіндіктерін жеделдетуге және жоспарланған стратегиялық маңызы бар ұлттық жобаларды басқаруға қабілетті үкіметті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қазақстан табиғи ресурстармен және мүлтіксіз сауатты халыққа бай ел, жас ұрпақ білім алуға бейім. Тікелей шетелдік инвестицияларды тарту, мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті дамыту, кеңестік білім жүйесінің ең құнды институционалдық элементтерін жаңғырту, сондай-ақ оқу үдерісін ұйымдастырудағы ең үздік халықаралық тәжірибені енгізу ұлттың интеллектуалды әлеуетін арттырып, талантты жастардың шетелден кетуін тоқтатады. Қазақстанда бәсекеге қабілетті мүмкіндіктерді іске асырудың маңызды шарты инвесторлар мен қоғамның тұрақтылыққа, саяси және әлеуметтік ортаның анықтығына деген сенімділігі болып табылады".