Әділбек Рысқұлов мастер класс өткізді

11.03.2019

Көрулер: 2209

11.03.2019 сағат 12.00-де "Аль Сакр Финанс" АҚ-ның шариғатқа негізделген қызмет көрсету және тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімінің бастығы Әділбек Рысқұлов, MBA, CIB, IFQ, FRM кандидаты мастер класс өткізді. Дәріс «Қаржы» және «Логистика» мамандықтарының 1 курс студенттеріне "Аль Сакр Финанс үлгісінде исламдық қаржылық қызметтерді енгізу бойынша нақты бизнес-кейстерді зерттеу" тақырыбында өткізілді.Әділбек әлемдегі және Қазақстанда исламдық қаржыландырудың даму үрдісін, "Аль Сакр Финанс" АҚ-ның жаңа банктік өнімдері мен балама қаржыландыруды дамыту перспективалары туралы сөз қозғады.Әділбек Астана қаласының Халықаралық қаржы орталығының мақсаттары мен ағымдағы жұмысын, сондай-ақ жастар грантын беру бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктерін түсіндірді. Студенттердің сұрақтарына жауап беріп, «Аль Сакр Финанс» АҚ мен "Қаржы" кафедрасы арасындағы студенттік тәжірибе және түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін анықтады.