Inholland University of Applied Sciences өкілдерімен кездесу
Көрулер: 2700
Бүгін ЭжБЖМ студенттері Inholland University of Applied Sciences (Нидерланд елі) өкілдерімен кездесті. Қаржы, бизнес және заң факультетінің Интернационалдандыру кеңсесінің басшысы Петра Хогендорн мен Халықаралық істер жөніндегі координаторы Эрик Хендрикс Нидерланд еліндегі оқу жүйесі, Inholland университетіндегі оқу бағдарламалары, академиялық мобильділік мүмкіндіктері туралы баяндап берді. ЭжБЖМ деканының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Жидебекқызы Ақнұрдың бастамасымен, және Халықаралық бағдарламалар орталығының директоры Абдиман Жания мен Erasmus+ координаторы Танасогло Евгенияның қатысуымен екі университет арасындағы әріптестік байланыстарды нығайту жолдары талқыланып, бірқатар келісімге қол жеткізілді.






