ЭжБЖМ KZIBank қазақстандық филиалымен әріптестік байланыс орнатты
24.02.2019
Көрулер: 2161
Бүгін ЭжБЖМ басшылығы KZIBank (Түркия) Қазақстандағы филиалының басқарма басшысы Джанан Олеклимен əріптестік қарым-қатынас орнатты. Кездесу барысында ЭжБЖМ студенттерін өндірістік тəжірибеге жіберу мен "Қаржы" мамандығына қатысты мастер-кластар өткізу мүмкіндіктері талқыланды. Сондай-ақ, Erasmus+ ENINEDU жобасының аясында да серіктестік жолдары қарастырылды. Кездесуді ұйымдастыруға себепкер болған ҚазҰУ-дың коммерцияландыру жөніндегі проректоры Мехмет Арсланға алғыс білдіреміз!






