Magnum Cash & Carry сандық дүкен семинарын өткізді
Көрулер: 3281
2019 жылдың 12 ақпанында «Magnum Cash & Carry» ЖШС-і соңғы курс студенттеріне арналған «Digital Store» жобасы бойынша семинар өткізді. Жобаның мақсаты математика, экономика және АТ факультеттерінің студенттеріне Magnum Cash & Carry жобалық кеңсесінде жаһандық, инновациялық мансапты бастау мүмкіндігін беру болып табылады. «Magnum Cash & Carry» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары, «Ernst & Young» компаниясының серіктесі, бизнес-менеджмент саласындағы кеңесші-практик Артур Тополян жоба спикері болды. ERASMUS + «Жаңа әлеуметтік ортаға сәйкес жоғары білім мен корпоративтік секторлардың ынтымақтастығын күшейту -ENINEDU» жобасының мүшесі, Когут О.Ю. семинарға қатысты. Семинардан кейін ENINEDU жобасының шеңберінде Жобалық кеңсенің мүшесі, Максим Безруков пен «Magnum Cash & Carry» ЖШС ұйымдастыру ісін дамыту жөніндегі менеджері Татьяна Корнюшинамен одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланып, келісімге қол жеткізілді. Сонымен қатар, жобалық кеңсе қызметкерлері көшбасшылық лекциялар оқып, мастер-класс өткізді.






