Қазіргі заманауи жағдайдағы логистиканың рөлі.

31.03.2018

Көрулер: 2608

Наурыздың 31 күні «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының аға оқытушылары Маликова Р.М., Абдикул Ш.Н., Оразымбетова А.Ш. ұйымдастыруымен «Логистика» тобының 3 курс студенттері арасында «Қазіргі заманауи жағдайдағы логистиканың рөлі» атты дөңгелек стол өткізілді.

Дөңгелек столда  қазіргі заманауи технологиялардың даму жағдайындағы логистиканың дамуы мен рөлі қарастырылды. Студенттер осы жағдайға байланысты өз ойларын баяндамаларында нақты көрсете білді. Баяндамаларда логистиканың соңғы бес жылда даму жағдайы талданып көрсетілді.