“ Өмір мектебі”.

11.04.2018

Көрулер: 2103

ХІХ ғасырда қазақ халқының басынан өткен өмір шындығын ашық сипаттайтын шығармалардың бірі - Cәбит Мұқановтың «Өмір мектебі». Шығармада бас кейіпкер автордың өзі, олсондағы оқиғаларға белсене араласып отырады, замана жайында да толғаныс, тебіреністерін ортаға салады. Бұл кітап халық өмірін, түптептарта, асықпай-саспай кең қамтиды да, оның салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүр құбылыстарын егжей-тегжейіне дейін дәл суреттеп отырады.

«100 кітап» жобасы аясында «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы 3 курс студенттерімен «Өмір мектебі» шығармасын талқылауға арналған іс-шара өткізілді. Шара барысында студенттер Сәбит Мұқанов өмірі мен шығармашылығына арналған баяндамалар оқыды және «Өмір мектебі» шығармасы үзінділеріне көріністер қойылды. Іс-щара барысында студенттер жазушы шығармашылығымен танысып қана қоймай, ұстаздар мен студенттерге өз таланттарын көрсетті.  

Э.ғ.д, профессор,академик Шеденов Ө.Қ.