«Ұйымдaғы өзгерістерді басқару» оқу құралы жарияланды.

08.01.2018

Көрулер: 4436

Ағымдағы 2017-2018 оқу жылында э.ғ.д., Менеджмент және маркетинг кафедрасының профессоры А.Н. Тургинбаеваның авторлығымен басқару профиліндегі студенттерге, магистранттарға және PhD докторанттарына арналған «Ұйымдaғы өзгерістерді басқару» оқу құралы жарияланды.

Оқу құрaлындa ұйымдық өзгерістердің зaмaнaуи концепциялaрының түсінігі, бaсқaрудың үлгілері, әдістері және құрaлдaры қaрaстырылғaн. Ұйымдастырушылық өзгерістердің келесідей өзекті мәселелері зерттелді: заманауи ұйымдағы өзгерістердің мәні мен топтастырылуы, ұйымның сыртқы ортасы мен өзгерістерді стратегиялық таңдау, ұйымдағы өзгерістерге қарсы тұрумен күресу әдістері, өзін-өзі оқытушы ұйым концепциясы, ұйымдық өзгерістерді басқаруда көшбасшылықты қолдану, бизнес-үрдістерді реструктуризациялау мен реинжинирингілеу, корпоративті мәдениеттегі өзгерістерді басқару және т.б. 

Ұсынылған оқу құралының ерекшелігі болып автордың оқу материалын қазақстандық танымал компаниялардың тәжірибелік мәліметтерінің негізінде жасалған кейстермен сабақтастығы болып табылады. Сондай-ақ материалды жақсы меңгеру үшін, оқу құралында кездесетін негізгі түсініктердің глоссарийі мен әр бөлімнің соңында өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтармен қамтамасыз етілген. Оқу құралы оқырманға түсінікті етіп жазылған және көптеген суреттер мен графиктерден тұрады.. 

  «Ұйымдaғы өзгерістерді басқару» оқу құралы бойынша А.Н. Тургинбаевамен 08.01.2018 ж. авторлық куәлік (№0067) алынды.