«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері».

13.04.2018

Көрулер: 2204

Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды.

Жолдаудың өзектілігін айқындап, студенттермен талқыға салу мақсатында   «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы 3-курс студенттерімен «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел кезінде студенттер Жолдаудың мазмұны мен маңыздылығын, белгіленген 10 міндеттің нәтижелілігін талқыға салды. Студенттер баса назарды «Адами капитал – жаңғыру негізі»міндетіне аударып, өз пікірлерін білдірді. Жиын барысында баяндамалар оқылып, пікір-таластар орын алды.

 

Э.ғ.д, профессор,академик Шеденов Ө.Қ.