ҚазККА-да Логистика мамандығы бойынша 10-Республикалық олимпиада өтті.

14.04.2018

Көрулер: 2441

2018 жылдың 14-сәуірінде ҚазККА-да Логистика мамандығы бойынша 10-Республикалық олимпиада өтті. Олимпиадаға ҚазҰУ-дың Маракетинг және маркетинг кафедрасының логистика мамандығының 3-курс студенттері  Кенжебай Ж., Марат Н., Ербаева А., Тәліп М., Сқақбай Ж., Ұзақбай Д. қатысты. Олимпиада екі кезеңнен тұрды: бірінші кезең көлік логистикасы бойынша тест, ал екінші кезең қойма логистикасы бойыншы есептер шешу түрінде өтті. Осы олимпиадада Ербаева Айғаным 2-орынға ие болды, ал қалған студенттер сертификаттармен марапатталды.