«Ер есімі-ел есінде».
Көрулер: 3523
Ерлік дастаны – өмірлік дастан, ол ұрпақтан ұрпаққа кете бермек, жаңғыра бермек, жаңара бермек. Бұның айқын дәлелі, қаһармандық рухтағы шығармалардың бірі де бірегейі – Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз»романы. Бұл шығармада Ұлы Отан соғысының даңқты каһарманы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының азаматтық, ерлік тұлғасы сипатталады.
Бұл шығарма «100 кітап» жобасы аясында 1-курс «Маркетинг» мамандығы студенттерімен «Ер есімі-ел есінде» атты ашық тәрбие сағатын өткізуге арқау болды. Ашық сабақ барысында «Ақиқат пен аңыз» романының тарихы мен авторы, Әзілхан Нұршайықов, өмірі баяндалды. Бұған қоса, романның басты кейіпкері Бауыржан Момышұлының ерен ерліктері туралы сыр шертіліп, студенттер романнан үзінділер келтірді. Нәтижесінде, студенттер бойына патриоттық рух жинап, батыр бабаларының ерліктерімен танысты.
Менеджмент және маркетинг кафедрасының ассистенті
Сермағамбет Ү.М.






