«100 кітап» жобасы аясындағы іс-шара.
Көрулер: 2345
2018 жылдың 2-нші мамырында «100 кітап» жобасы аясында Экономика және бизнес Жоғарғы мектебінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 3-ші курс студенттері Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» атты шығармасын талқылауға арналған іс-шара өткізді.
Бұл кураторлық сағаттың басты мақсаты шығарма мазмұнымен танысып, автордың ойын терең түсіну болатын. Өйткені, Бауыржан Момышұлының шығармаларында қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері суреттеліп, әдет-ғұрыптары көркем баяндалған. 1976 жылы мемлекеттік сыйлыққа ие болған «Ұшқан ұя» кітабында 1916 жылы орын алған дүрбелең оқиғалар мен күштеп ұжымдастыру кезіндегі бірқатар қиындықтар ашық айтылып, Кеңес өкіметі қалыптасуының алғашқы жылдары кеңінен қамтылған. Қызыққа толы талқылау барысында кітаптан алған әсерлер ортаға салынған еді. Қорытындылай келе, студенттер Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасы қазақ әдебиетінің жауһары атануға лайық XX ғасырдың басындағы жайттардың этнографиялық энциклопедиясы деген пікірге тоқтады. Бұл ауқымды әрі мазмұнға бай шығарма оқырмандарды ерекше елітіп, кітапсүйер қауымға ұлт бейнесін риясыз көрсететіні анық.
«Менеджмент және маркетинг» кафедрасының аға оқытушысыЕсенжигитова Р.Г.






