"Ұлттық құндылықтарды жаңғырту" тақырыбында кураторлық сағаты өтті .

01.10.2018

Көрулер: 2376

 "Рухани жаңғыру" аясында "Логистика" 1 курс мамандығының 5-ші тобы мен куратор-эдвайзер Ғалымқызы Гүлмира ұйымдастыруымен "Ұлттық құндылықтарды жаңғырту" тақырыбында кураторлық сағаты өтті . 
Ұлттық құндылықтарды әр ұлттың ата-бабалары өздерінің өмір сүру салтына байланысты шығарып, пайдаланып, дамытып ұрпақтарына мұра етіп қалдырып отырған. 
Ұлттық құндылықтардың әрбір халықтың өмірінде алатын орны өзгеше екені белгілі. Сондықтан да әрбір жаңа ұрпақ үшін мәнді тәрбие – ұлттық тұрғыдағы тәрбие үлгісі болып табылады. Кураторлық сағат барысында: Нұртай Гаухардың орындауында «Ерке сылқым» күйі,  Ерназар Нартай «Қазақ жастары» әнін, Аттаханов Бөріхан мен Бөлегенова Аяна «Батырлар жырын» оқыды,  Муса Зейнеп, Қазыбекова Маржан орындауында «Домбыра туралы баллада» әні, Қазақтың  салт-дәстүрлері, ұлттық ойын түрлері  ойнатылды, Қазыбекова Маржанның орындауында «Қазақ елі» әнін орындады.