Қазақ Ұлттық университеті студенттерді тəрбиелеу бағытының бірі ретінде "100 кітап" жобасын құрған

07.12.2018

Көрулер: 2146

Қоғамның мәдени санасы кітап оқумен жаңғырадыЖоғары технология барынша дамыған тұста да парасатты оқу интеллектуалды дамуды айшықтамақ. Осыны ескерген əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті студенттерді тəрбиелеу бағытының бірі ретінде "100 кітап" жобасын құрған. Осы жоба аясында 2018 жылдың 7 желтоқсанында 1 курс Логистика мамандығының Л18к1 тобының студенттері орыс жазушысы Сергей Есениннің шығармашылығына арналған ашық кураторлык сағат өткізді. Студенттер қонақтардың назарына көрнекті ақын Сергей Есенин жайында, өмірі мен шығармашылығынан қызықты деректер туралы айтты, өз сөздерін бейне материалдармен безендірді. Студенттер айтулы шарада ақынның шығармаларын насихаттауды парыз санады. Ақынның жырлары мәңгі жасайды. Оның дәлелі – бүгінгі жастар. Жастардың өнерін, ақынның жырларына деген құштарлық-құрметін олардың Сергей Есениннің еңбектерін түсіне, соны сезіне оқып, айтқандарынан байқауға болады...

Куратор-эдвайзер: Баймуханбетова Э.Е.