Сегеда университетінің (Венгрия) өкілдерімен «Болондық процесс аясында университеттердің өзара байланысы» атты халықаралық дөңгелек үстел
14.11.2018
Көрулер: 2351
2018 жылдың 14 қарашасында әл-Фараби ат.ҚазҰУ-нің Экономика және бизнес жоғары мектебінде Сегеда университетінің (Венгрия) өкілдерімен Экономика және бизнес факультеттінің деканы, доктор Петер Ковачпен және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор PhD докторы Илдико Пуствай-Варгамен «Болондық процесс аясында университеттердің өзара байланысы» атты халықаралық дөңгелек үстел өткізілді.
Венгрия қонақтарымен бірге консул, сыртқы экономикалық атташе Дёрдь Тар қатысты. Дөңгелек үстел жұмыс барысында екі университет студенттерінің және ПОҚ академиялық мобильділігі мен екі жақты диплом бағдарламалар мәселелері қарастырылды. Жиын қорытындысы ретінде екі факультетаралық әріптестік келісім-шартқа қол қою шешімі қабылданды.
![]() |
|
|







