«Туризмнің мәселелері мен болашағы және Қазақстандағы туристік бизнестің қаржылық аспектілері: жастардың көзқарасымен» тақырыбына дебат өткізілді

01.11.2018

Көрулер: 3945

Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Қаржы» кафедрасы  25 қазан  2018 жылы Төл теңгенің 25 жылдығы қарсаңында ЖОО арасындағы «Туризмнің мәселелері мен болашағы және Қазақстандағы туристік бизнестің қаржылық аспектілері: жастардың көзқарасымен» тақырыбына дебат өткізді. Студенттік дебатты "Қаржы" кафедрасының оқытушылары мен 2 курс магистранттары ұйымдастырды.
Дебат барысында қатысушылар «Қазақстан - туристік оазис! Бұл - аңыз!», «Туризм экономиканың басым секторына айналуы керек!», «Неліктен Қазақстанда цифрлық туризм дамымай отыр: жастардың көзқарасы»,
«Ішкі туризмге кім инвестиция құюы керек: мемлекет па әлде жеке бизнес пе?» сынды негізгі тақырыптарда өзара пікір таластырды. 

Дебатқа Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың түрлі факультеттерінен, биотехнология, ақпараттық қауіпсіздік жүйесі, экология, есеп және аудит, қаржы, автоматтандыру және басқару, сондай-ақ ақпараттық жүйелер мен информатика мамандығынан барлығы 11 команда қатысты.

Дебаттар үш тілде ұйымдастырылды, онда қатысушылар қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде пікірталас жүргізді. Аталмыш тақырыптар бойынша 3 қазақ тобы, 4 ағылшын тобы және 4 орыс тобы қатысып, тақырып шеңберінде өз ойлдарын өрбітті. Дебат форматы Карл Поппер, саяси кейс элементтерімен таңдалып алынды. Қазылар алқасы ретінде кафедра мүшелері мен магистранттар таңдалды.

Қазақ тілінде өткізілген пікірталаста 1 орын "Алаш" командасына (мамандығы - Автоматтандыру және басқару), 2 орын – "Uniteam" (мамандығы - Автоматтандыру және басқару), 3 орын – "Парасат" (мамандығы – Есеп және аудит) командасына берілді.

Орыс тілінде өткізілген пікір - сайыста біріншілікке "Экология" командасы (мамандығы – экология), 2 орын – "NurSibTor" (мамандығы – Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі), 3 орын – "волки с Уолл Стрит" (мамандығы-биотехнология) ие болды.

Ағылшын тілінде өткізілген пікірталаста 1 орынды "Debate mates" командасы (мамандығы - информатика), 2 орынды "NIS" командасы (мамандығы – Ақпараттық жүйелер), 3 орынды "Eagles" командасы (мамандығы – радио инжиниринг) иемденді.

Байқаудың қазылар алқасы студенттердің ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгергенін, дебатты жүргізудің форматы мен мәдениеті орнымен қолданылғанын, топта тиімді жұмыс істеу мен көзқарасты дәлелдей білу деңгейінің жоғарылығын атап өтті.


Қатысушылар  өз кезегінде қызу және тартысты ойын көрсетті. 
Дебат  нәтижесінде ұйымдастырушылар жеңімпаздар мен қатысушыларды дипломдармен марапаттады, сондай-ақ ең мықты спикерлер марапатталды. Студенттік пікірталастың демеушісі, ПМҚ "Сандық экономикаға көшу жағдайында Қазақстан Республикасының туризм саласын әртараптандыру: жүзеге асыру стратегиясы мен тетіктері" жобасының жетекшісі профессор Саябек Тәттібекұлы жеңімпаздарға және қатысушыларға сыйлықтар табыс етті.