«Алатау» технопаркіне экскурсия
Көрулер: 3382
21 қыркүйек күні «Менеджмент» мамандығының 2-курс қазақ тобының студенттері куратор-эдвайзері Гүлмира Нұрланқызымен АЭА ИТП «Алатау» технопаркіне экскурсияға барып қайтты. Бұл студенттер үшін тамаша мүмкіндік болды. Экскурсия барысында технопарк аумағында орналасқан «Tecata» жарық-техникалық бұйымдар, Led экрандар мен медиафасадтар өндіретін зауытпен танысты. 2016 жылы ашылған зауыт өнімдері бүкіл ел аумағына таралуда. Болашақта бүкіл Қазақстан экологиялық таза, жарықдиодты шамдармен жарықтандырылады деп сенеміз, олар кәдімгі қыздыру шамдарымен салыстырғанда электр энергиясының 90% - на дейін үнемдейді. Зауыт шамдар, офистік жарықтандыру, өндірістік жарықтандыру, көшені жарықтандыру құралдары мен Led экрандарды өндіреді. Сонымен қатар «ELTEX ALATAU» компаниясының өнімдерін көріп қайтты. «ELTEX ALATAU» электроника және заманауи желілік жабдықтарды өндіруші компания. «ELTEX ALATAU» базасында қазіргі заманғы импортты алмастыратын телекоммуникациялық жабдықтар өндірісі құрылды: GPON желілерін құруға арналған жабдық; Ethernet-қатынау коммутаторлары, агрегациялар және ДӨО; VoIP жабдықтар; IPTV-префикс (Android префикс және медиаорталықтар); Жұқа клиенттер; Wi-Fi кіру нүктелері.
Инновациялық өнім өндіруші компаниялар мен зауыттардың қалай жұмыс істейтіндігін көзбен көріп қайту студенттер үшін сапалы тәжірибелік экскурсия болды.








