Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Erasmus+ ENINEDU жобасы бойынша вебинар ұйымдастырылды
Көрулер: 3029
2018 жылдың 28 тамызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Жаңа әлеуметтік ортаға сәйкес жоғары білім беру мен корпоративтік секторларды ықпалдастыруды жақсарту – ENINEDU» жобасының вебинар өтті. Жобаның мақсаты Болон процесінің талаптарын ескере отырып, білім беру стандарттарын өзгерту негізінде консорциум елдеріндегі университеттік-бизнес ынтымақтастығын нығайту болып табылады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. – жобаның үйлестірушісі. Вебинарға Сантьяго Компостела университетінің (Испания), Ницца университеті– София Антиполис (Франция) өкілдері, Ресей халықтар достығы университеті, Самара мемлекеттік экономика университеті, И.С. Тургенев атындағы Орелмемлекеттік университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана) қатысты.






