ЭжБЖМ Цинхуа университетімен (Пекин, Қытай) әріптестік байланыс орнатты

05.07.2018

Көрулер: 4064

Экономика жəне бизнес жоғары мектебі Қытайдың ең үздік ЖОО - Цинхуа университетінің өкілімен əріптестік байланыс орнатты.  Кездесуге ЭжБЖМ деканының орынбасары, PhD Жидебекқызы Ақнұр қатысып, Tsinghua University PBC School of Finance директорының орынбасары Чай Кан мырзамен қаржы жəне экономика саласында бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндіктерін талқылады.

 

Цинхуа университеті Қытайдағы барлық техникалық жоғары оқу орындарының ішінде ең үздігі деп саналады. Ұлттық рейтингте Цинхуа университеті №1, ал әлемдегі рейтингінде The Times компаниясы жыл сайын жасаған QS World University Rankings рейтингінде 17-орында. Университетте ең беделді профессор-оқытушылар құрамы жұмыс істейді және оқушыларға оқу және қолайлы өмір сүру үшін барлық жағдай жасалған. Университеттің 170 000 бітірушілері арасында Қытайдың қазіргі президенті Ху Цзиньтао, Чен-Нин Янг және физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары Цунг-Дао Ли бар. Сонымен қатар университеттің танымал іскерлік қауымдастық ретінде MBA бағдарламаларын, соның ішінде ағылшын тілінде ұсынатын Экономика және басқару мектебі қытайлық бизнес мектептерінің арасында ең алғашқылардың бірі болып AACSB және EQUIS сертификаттарын алды. Цинхуа университеті (көрші Пекин университетімен бірге) әдемі саябақ аймағында, көлдің жанында және атақты жазғы сарайдың жанында орналасқан көркем кампусымен танымал.