Erasmus+ ENINEDU жобасы бойынша вебинар өтті
Көрулер: 3096
2018 жылдың 3 шілдесінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Жаңа әлеуметтік ортаға сәйкес жоғары білім беру мен корпоративтік секторларды ықпалдастыруды жақсарту – ENINEDU» жобасының вебинар өтті. Жобаның мақсаты Болон процесінің талаптарын ескере отырып, білім беру стандарттарын өзгерту негізінде консорциум елдеріндегі университеттік-бизнес ынтымақтастығын нығайту болып табылады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. – жобаның үйлестірушісі. Вебинарға Сантьяго Компостела университетінің (Испания), Ницца университеті– София Антиполис (Франция) өкілдері, Ресей халықтар достығы университеті, Самара мемлекеттік экономика университеті, И.С. Тургенев атындағы Орел мемлекеттік университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана) қатысты. Вебинарда жоба үйлестірушісі Джомартова Ш.А. өткізілген іс-шаралар мен алынған нәтижелер туралы есеп берді, сондай-ақ жобаның сапа жоспары мен жобаларды басқару мәселелері талқыланды.









