Австралия Ұлттық Университетінің PhD докторы, ассоциирленген профессоры Офер Зуикаель ЭжБЖМ докторанттарына дәріс оқыды

27.05.2018

Көрулер: 3739

Офер Зуикаель – Австралия Ұлттық Университетінің PhD докторы, ассоциирленген профессоры (Канберра, Австралия). Ол 2018 ж. 23-30 мамыр аралығында Экономика және бизнес жоғары мектебіне «Жобаларды заманауи басқару» және «Жобалық менеджменттегі ғылыми зерттеудің әдістемесі» атты дәрістерін оқу үшін шақырылды.

Профессор Scopus мәліметтер базасында индекстелетін “International Journal of Project Management” атты ғылыми журналдың ассоциирленген редакторы және осы базадағы өзге де ғылыми журналдардың рецензенті болып келеді.

Офер Зуикаель өз университетінде көптеген лауазымды қызметтерді, оның ішінде Менеджмент зерттеу мектебінің деканы қызметін атқарған. Қазіргі таңда ғылым саласындағы көптеген халықаралық дәрежедегі марапаттарға, атап айтқанда, келесідей жетістіктерге ие: Жобалық менеджменттің халықаралық ассоциациясының «Үздік зерттеу» марапатына; Австралиялық жобалық менеджмент институты тағайындаған «Жыл жобасы 2016» және «Жобалық менеджмент саласындағы ең үздік зерттеу 2016» атты номинацияларға; Британдық менеджмент академиясы тағайындаған «Ең үздік мақала 2012, 2013», «The Thomson South-Western Award 2015»   номинациялары; Австралия Ұлттық Университетімен тағайындалған «PhD докторларының ең үздік ғылыми жетекшісі 2010” номинациясы және т.б.