«Жаңа әлеуметтік ортаға сәйкес жоғары білім беру мен корпоративтік секторларды біріктіру – ENINEDU» атты Erasmus+ жобасы аясындағы мониторинг

16.04.2018

Көрулер: 2848

Мониторингке Қазақстандағы Erasmus+ бағдарламасының үйлестірушісі Тасбулатова Ш.Ө. қатысты. Ол мониторингтің мақсаттары мен міндеттерін атап, қазіргі кездегі жобаның іске асыру процесін бағалады.

Кездесу барысында жобаның жоспары көрсетіліп, жобаны іске асырудағы әсер етуші факторлар аталып талқыланды. Ең соңында Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының үйлестірушісі мониторинг бойынша алдын-ала пікір білдіріп, жоба бойынша жұмыс нәтижелерінің маңыздылығын атап өтті.