Біздің студенттер 43 инновациялық жобаның ішінен 3-орынға ие болды

12.04.2018

Көрулер: 2870

Өздігінен білім алуға арналған «Educourse.kz» онлайн платформасының негізіндегі жоба студенттік бизнес-инкубаторлардың инновациялық жобаларының арасында үшінші орынға ие болды.

«Менеджмент және маркетинг» кафедрасының магистранттары Ануаров Б., Молдабаева А., Емел А. (ғылыми жетекшісі Тургинбаева А.Н.) оқушылардың түрлі пәндер бойынша өздігімен білім алуына мүмкіндік беретін онлайн платформаны әзірлеумен және нарыққа жылжытумен айналысады. Сайтта математика, тарих, денсаулық сақтау, медицина, физика, химия, қаржы, биология және т.б. пәндер бойынша 4200-ден астам шағын дәрістердің жинағы болады. Видео-сабақтар 3 тілде әзірленеді.

Жобаның мақсаты – әр адамды сапалы жоғары біліммен қамтамасыз ету.

Команда мүшелерін жаңа жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы жұмыстарына табыс тілейміз!