"Менеджмент" кафедрасының студенттері марапатталды

11.04.2018

Көрулер: 3425

9-11 сәуір 2018 жылы студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясында 4-секцияның қатысушылары өздерінің ғылыми ізденістерін көрсетіп, Қазақстан Республикасы экономикасының сандық трансформациялануы жағдайында тиімді басқару мәселелелері мен тенденцияларын талқылады. «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Инновациялық менеджмент», «Жобаларды басқару», «Менеджмент», «Маркетинг» және «Логистика» мамандықтарының студенттер, магистранттар және докторанттарынан 105 мақала тапсырылып, оның 57-сі тыңдалды. 

Төртінші секция бойынша комиссия төрайымы э.ғ.д., профессор м.а. Тургинбаева А.Н., хатшы ассистент Тынабекова Г.Н.  

Төртінші секция жұмысының нәтижесі бойынша келесі жеңімпаздарды құттықтаймыз:  

I дәрежелі дипломмен – Қамшыбек Қ. «Тиімді мемлекеттік қызмет - сандық трансфрмацияға өтудің маңызды факторы» - ғылыми жетекші Смағұлова Г.С.  

II дәрежелі дипломмен – Жәкен Н. «Қазақстан Республикасы үшін сандық экономикадағы басқа әлем елдерінен прагматикалық тұжырымдамалар» - ғылыми жетекші Бейжанова А.Т.  

II дәрежелі дипломмен – Бердыбай Ж. «Инновационные инструменты маркетинга в системе управления отечественным предпринимательством» - научный руководитель Кожамкулова Ж.Т. 

III дәрежелі дипломмен – Жумаш М., Сон А., Гаджиев Р. «Анализ предпочтений работодателей на рынке труда по специальности «маркетинг - научныe руководители Кожамкулова Ж.Т., Шуренов Н.Б.  

III дәрежелі дипломмен – Ерланов Е. «Қазақстанда сандық теміржол жүйесін енгізудегі әлемдік тәжірибе» - ғылыми жетекші Баймуханбетова Э.Е.  

III дәрежелі дипломмен – Сахи А.Ә. «Адами капитал инновациялық даму факторы ретінде» - ғылыми жетекші Жумагазиева А.Г.