«Сандық экономика және жастар: шығармашылық ойлау уақыты»

09.04.2018

Көрулер: 2809

 

9 сәуір күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінде студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық конференциясының пленарлық отырысы болды. Конференцияға Қазақстан мен ТМД елдерінің студенттері, магистранттары мен жас ғалымдары қатысты. ЭжБЖМ бағыты бойынша конференцияға арналған тақырып – «Сандық экономика және жастар: шығармашылық ойлау уақыты».

Пленарлық отырыста Экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы, э.ғ.д., профессор м.а. Сагиева Римма Қалымбекқызы алғы сөз сөйлеп, отырыс сандық экономика мен пәнаралық зерттеулерге арналған баяндамалармен жалғасты.

 

Қатысушылардың баяндамалары секциялық мәжілістерде 2018 жылдың 9-10 сәуірінде тыңдалатын болады. Конференция шеңберінде секция жұмыстары мына бағыттар бойынша ұйымдастырылды:

1.  Сандық экономиканы есептік-аналитикалық қамтамасыз ету.

2.  Жаңа қаржылық технологиялар: мәселелер, үрдістер, тәуекелдер.

3.  Сандық экономика және тұрақты даму: әлемдік үрдістер және қазақстандық тәжірибе.

4.  Қазақстан Республикасы экономикасының сандық трансформациялануы жағдайында тиімді басқару.

Конференцияда әртүрлі ғылымдар, соның ішінде экономика, сонымен бірге ғылыми жаңалықтар салаларындағы теориялық, тәжірибелік және қолданбалы сипаттағы, қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі баяндамалар қарастырылды.