"Тойота Мотор Қазақстан" компаниясының президенті Кит Симмонс ЭжБЖМ студенттеріне дәріс өткізді

03.04.2018

Көрулер: 3778

"Тойота Мотор Қазақстан" компаниясының президенті Кит Симмонс Экономика және бизнес жоғары мектебінің студенттеріне батыс және шығыс менталитетіне сай компаниялардың жұмыс істеу ерекшеліктері туралы "West versus East: Fundamentals in management style" тақырыбында дәріс өткізді. Кездесу барысында Erasmus+ ENINEDU «Жаңа әлеуметтік орта талаптарына сай жоғары білім беру жүйесі мен корпоративтік сектордың интеграциясын күшейту» жобасы бойынша бірлесе жұмыс істеу туралы келісілді.