"Қаржы" мамандығының студенттері 3 орынды иеленді

30.03.2018

Көрулер: 3528

Экономикалық мамандықтар арасында өткен X Республикалық студенттік пəндік олимпиадаға Қазақстанның түкпір түкпірінен 138 команда, 20 жоғары оқу орны қатысып, əл-Фараби атындағы Қазақ ұлтттық университеті Экономика жəне бизнес жоғары мектебінің "Қаржы" мамандығының студенттері оқ бойы ойы озып 3 орынды иеленді.

"Finnation" командасы PhD, доцент м.а Досжан Райгүлдің ғылыми жетекшілігімен «Қазақстан Республикасындағы сандық жүйе: Теориясы мен практикасы» (Digital system in the Republic of Kazakhstan: theory and practice) тақырыбына жоба ұсынды. 1 кезең 90 сұрақтан құралған тест бақылауы мен 9 есептен біздің топтың сайыскерлері сүрінбей өтіп, өз ғылыми жобаларын ағылшын тілінде арнайы құрылған комиссия алдында ағылшын тілінде қорғады. Финалға 13 команда шығып, "Finnation" тобы намысты қолдан жібермей жүлделі орынға ие болды.