«Ең үздік студенттік топ»
Көрулер: 3898
Университеттегі студенттер тек теориялық жағынан білім алып ғана қоймай, тәжірибе жүзінде айтылған ойларды өздері сараптап көруге бейімделуі керек. Топпен жұмыс істеу, алдарына бір мақсат бір мүдде қойған студенттердің бірлесе жұмыс істеуінің, топтың әр мүшесіне үлкен өмірлік тәжірибе беретіні анық. Университеттегі студенттердің белсенді өмірі, олардың болашаққа деген үлкен дайындықпен қадам басуларына үлкен септігін тигізеді. Олар өздерінің бойындағы басқа да қабілеттерді ашып, өздерін жаңа қырларынан тануға, жаңа бағытта дамуға қол жеткізе алады. Осы мақсатта әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Экономика және бизнес жоғары мектебінің студенттік топтары арасында ұйымдастырылған «Ең үздік студенттік топ» атты байқауы, студенттік топтар арасында ерекше тартысты өтіп, көптеген жаңа креативті идеялардың негізі қалануына үлкен әсерін тигізді.
Студенттер өздерін басқаша образда сынап көрді, барлық студенттер өз өнерлерін алға тартып, топаралық байланыстарды, топпен олардың куратор-эдвайзерлері арасындағы байланыстарды нығайтты. Осындай ерекше тартысты сайыста жеңіске жеткен, факультеттің «Ең үздік студенттік тобы» атанған А.Д. Асанованың жетекшілігіндегі «Менеджмент» мамандығының студенттері болды. Бұл топ студенттерінің үлкен сынақта жеңіске жетіп, топ бірлігін көрсете білгендіктері,студенттердің өздері үшін үлкен тәжірибе болды.






