Erasmus+ ENINEDU жобасы аясында шетелдік әріптестермен вебинар өтті
Көрулер: 3470
16-наурыз күні халықаралық Erasmus+ бағдарламасы аясындағы «Жаңа әлеуметтік орта талаптарына сай жоғары білім беру жүйесі мен корпоративтік сектордың интеграциясын күшейту - ENINEDU» жобасы бойынша серіктес мемлекеттер арасында вебинар өтті. Вебинар барысында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Ресейден И.С. Тургенев атындағы Орел мемлекеттік университеті, Самара мемлекеттік экономикалық университеті, жəне Ресей халықтар достығы университетімен бірге жобаның атқарылу барысы мен алдағы уақытқа жоспарлар талқыланды.
Бұл жобада Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ координатор болып табылады. Ал ҚазҰУ атынан негізгі жұмыс тобы Экономика жəне бизнес жоғары мектебі өкілдерінен құралғанын атап өткен жөн. Жоғарыдағы ЖОО бөлек, жобаға Испания, Греция, Франция, Венгрияның үздік университеттері де қатысады.








