Кітап - білім бұлағы

13.03.2018

Көрулер: 3931

Экономика институты ЭжБЖМ ұжымына құнды кітаптар тарту етті


Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институты  экономика ғылымының әлеуетін қалыптастырып, дамуына сүбелі үлес қосатын республиканың іргелі зерттеу орталығы болып табылады. 13 наурыз күні институт тарапынан Экономика және бизнес жоғары мектебіне отандық ғалымдардың экономика секторын жаңғырту, инновациялық экономика, логистика, қаржы, бәсекелестікті қамтамасыз ету және т.б. тақырыптарға жазылған бір топ кітап тарту етілді. ЭжБЖМ ұжымы атынан Экономика институтының басшылығына алғыс білдіреміз!