Зияткерлік жарыс жеңімпаздары
Көрулер: 3982
Зияткерлік бәсекеге негізделген студенттердің ғылыми конкурсы жарыста жеңіске жетудің кез-келген бағасына қарағанда, жеңіске жетудің жоғары нәтижесіне негізделген. Студенттердің өзін-өзі бағалауы мен көшбасшылық қабілеттерін мойындатуы, топтық жұмысты бірге орындау қасиеттері жылдан жылға артып келеді. Студенттердің аталған құзыреттерін көрсетуге 2018 жылдың 2 наурызында КАПИОР (ҚҚПНКЗА) және «Almaty Management University» ұйымдастыруымен, «SANGE», «BRIF», «GFK», «BISAM» және т.б. атақты компаниялардың ресми демеуімен өткен «Жас Зерде» маркетингтік және әлеуметтік зерттеулер саласындағы III Халықаралық студенттік ғылыми жұмыс конкурсы өз септігін тигізді. Конкурс 3 турда өтті. Бірінші турға алыс және жақын шет елден, Қазақсан Республикасының қалаларынан 118 ғылыми жұмыс келіп түсті. Финалдық турға Мәскеу, Екатеринбург, Омбы, Астана, Қарағанды, Тараз, Алматы және басқа да қалалардан ең үздік 25 ғылыми жұмыс іріктелініп алынды. Қуанышқа орай, финалға өткендердің құрамында Экономика және бизнес Жоғары мектебінің студенттері бар. Конкурс дарынды студенттердің зерттеушілік қабілеттерін ашуға мүмкіндік берді. Сол себепті жеңімпаздар болып – «Маркетинг» мамандығының 2 курс студенттері Сон А., Ем Д., Гаджиев Р., Жұмаш М., Абдулин А., Жанайдарова М. «Әлеуметтік зерттеулер» секциясында I орын мен 150 000 теңге көлеміндегі ақшалай жүлдені иеленді; «Маркетинг» мамандығының 3 курс студенті Бердыбай Ж. «Маркетингтік зерттеулер» секциясында II орын мен 100 000 теңге көлеміндегі ақшалай жүлдені иеленді. Британдық Tomas жүйесі бойынша «Карьерный гид» тестін өтуге 2 курс студенттері конкурс жеңімпаздары ретінде шақырылды. Бердыбай Жазира КАПИОР (ҚҚПНКЗА) Президенті, «GFK» компаниясының бас директоры Ш.Ибраевадан тәжірибиеден өтуге шақырту алды. Топтардың ғылыми жетекшілері – э.ғ.к., доцент Кожамкулова Ж.Т., оқытушы Шуренов Н.Б. Жеңімпаздар мен ғылыми жетекшілерді құттықтай отырып, оларға зияткерлік жарыстарда жаңа жеңістерді тілейміз.
«Менеджмент және маркетинг» кафедрасының доценті, э.ғ.к. Кожамкулова Ж.Т.






