Жаңалықтар

Біздің студент «Тұғыр» кәсіпкерлік курсына сертификат жеңіп алды

24.02.2018

Логистика мамандығының 1–курс студенті Жамилаев Ерасыл Q4 Business school ұйымдастыруымен өткізілген «Бизнес-команда» тақырыбындағы мастер-классқа қатысып, осы жылдың 24-ақпанында басталатын «Тұғыр» атты кәсіпкерліктің қыр-сырын тануға арналған 5 апталық курсқа қатысу үшін сертификат ұтып алды. 

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да "Жаңа әлеуметтік ортаға сәйкес жоғары білім беру мен корпоративтік секторларды біріктіруді жетілдіру – ENINEDU» жобасының үйлестіру кеңесі өтті.

15.02.2018

2018 жылдың 15-16 ақпан аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасының Ақ залында (409) Erasmus+ 574060 ENINEDU: «Enhancement of Higher Education and Corporate Sectors   Integration in Accordance with New Social Environment" / Жаңа әлеуметтік ортаға сәйкес жоғары білім беру мен корпоративтік секторларды біріктіруді жетілдіру – ENINEDU» жобасының үйлестіру кеңесі өтті.

Ары қарай оқу >>

Заманауи экономист: мамандықты реактуализациялау»

18.01.2018

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауы аясында Экономика және бизнес жоғары мектебінде «Заманауи экономист: мамандықты реактуализациялау» тақырыбында Экономика және бизнес жоғары мектебінің оқытушы-профессорлық құрамы, студенттер, магистранттар мен докторанттардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Ары қарай оқу >>

«Ұйымдaғы өзгерістерді басқару» оқу құралы жарияланды.

08.01.2018

Ағымдағы 2017-2018 оқу жылында э.ғ.д., Менеджмент және маркетинг кафедрасының профессоры А.Н. Тургинбаеваның авторлығымен басқару профиліндегі студенттерге, магистранттарға және PhD докторанттарына арналған «Ұйымдaғы өзгерістерді басқару» оқу құралы жарияланды.

Ары қарай оқу >>

«Еуропалық жоғары оқу орындары мен бизнес кәсіпорындарымен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық тәжірибесі»

27.12.2017

Экономика және бизнес жоғары мектебінде «Еуропалық жоғары оқу орындары мен бизнес кәсіпорындарымен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық тәжірибесі» тақырыбында Erasmus + «Жаңа әлеуметтік ортаға сәйкес жоғары білім беру мен корпоративтік секторларды біріктіру-ENINEDU» (2016-2019) жобасы аясында дөңгелек үстел өтті.

Ары қарай оқу >>

"Есеп және аудит" кафедрасының марапаттары

30.11.2017

"Есеп және Аудит" кафедрасының студенті Баянжан Эрик футболдан топтық республикалық жарысқа қатысып, өз тобымен бірге жүлделі орынға ие болды. Кафедра студенті Ректордың қабылдауында болып, медальмен марапатталды.

Ары қарай оқу >>