Жаңалықтар

Erasmus+ ENINEDU жобасының мүшелері ЭжБЖМ жұмыс берушілері арасында сауалнама жүргізді

12.05.2018

2018 жылдың 3 мамыр күні өткізілген бос жұмыс орындарының жəрмеңкесінде Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЭжБЖМ оқытушылары, Erasmus+ «Жаңа әлеуметтік ортаға сәйкес жоғары білім беру мен корпоративтік секторларды біріктіруді жетілдіру – ENINEDU» жобасының мүшелері түлектердің кəсіби біліктілігі мен өндірістік қызметке əлеуметтік бейімделуі қызықтыратын жұмыс берушілер арасында сауалнама жүргізді.

Ары қарай оқу >>

Хамад бин Халифа атындағы университет өкілдерімен ресми кездесу өтті

10.05.2018

Кездесуге Хамад бин Халифа университетінің президенті Ахмад М. Хасна, Ислам экономика және қаржы ғылыми-зерттеу орталығының директоры Саид Назим, Исламтану колледжінің директоры Эмад Эль-Дин Шахин және ҚазҰУ ғылыми орталықтары мен факультет басшылары қатысты.

Ары қарай оқу >>

Экономика кафедрасының профессоры Тулегенова М.С. жетекшілігімен "Институциональная модернизация социально-трудовых отношений в Казахстане" ұжымдық монографиясы жарық көрді

10.05.2018

Монография магистранттар мен докторанттарға пайдалы болуы мүмкін. Жұмыста қазіргі заманғы технологиялық трансформация жағдайында адами ресурстарды басқару, әлеуметтік және еңбек қатынастары мәселелері бойынша теориялық-әдістемелік және тәжірибелік материалдар жиналған. 

Ары қарай оқу >>

«Сарапшылық зерттеу: әдіснама және тәжірибе» тақырыбындағы семинар

03.05.2018

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінің Жас ғалымдары кеңесі 2018 жылдың 3 мамырында «Сарапшылық зерттеу: әдіснама және тәжірибе» тақырыбында семинар өткізді. Семинарды ҚР БҒМ Ғылым комитеті Экономика институтының қызметкері Молдабекова Айсұлу Тұрсынбайқызы өткізді.

Ары қарай оқу >>

«100 кітап» жобасы аясындағы іс-шара.

02.05.2018

«100 кітап» жобасы аясында Экономика және бизнес Жоғарғы мектебінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 3-ші курс студенттері Бауыржан Момышұлының  «Ұшқан ұя» атты шығармасын  талқылауға арналған іс-шара өткізді.

Ары қарай оқу >>

«8 әріп».

28.04.2018

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «8 әріп» атты ашық мерекелік шарамыз өтті. 

Ары қарай оқу >>

«Ер есімі-ел есінде».

27.04.2018

Ерлік  дастаны    өмірлік  дастан, ол ұрпақтан  ұрпаққа кете бермек, жаңғыра бермек, жаңара бермек. Бұның айқын дәлеліқаһармандық рухтағышығармалардың бірі де бірегейі – Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз»романы. 

Ары қарай оқу >>

Erasmus+ ENINEDU жобасының мүшелері Афиналық экономика және бизнес университетінде (Греция) семинар-тренингке қатысты

26.04.2018

ERASMUS+ “Жаңа әлеуметтік ортаға сәйкес жоғары білім беру мен корпоративтік секторлардың интеграциясын жетілдіру – ENINEDU” жобасының аясында Экономика және бизнес жоғары мектебі деканының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, PhD Жидебекқызы А. және «Экономика» кафедрасының ассистенті Бимағамбетова Ж.Қ. Афина экономика және бизнес университетінде (Грекия) 22 сәуірден 26 сәуір аралығында өткен семинар-тренингке қатысты.

Ары қарай оқу >>

Кәсіби бухгалтерлер Палатасы 3 курс студенттеріне арнайы мастер класс өткізді

26.04.2018

26.04.2018 жылы 203 аудиторияда Есеп және Аудит кафедрасы Кәсіби бухгалтерлер Палатасымен бірге 3 курс студенттеріне арнайы мастер класс өткізді. Студенттер дәріс барысында сертификаттау, төлем шарттары мен Палатаның оқыту жүйесімен танысты.

Ары қарай оқу >>