Болашақ басқарушылар кеші
06.12.2018ҚР Бірінші Президент күніне орай ұйымдастырылған кезекті «Болашақ басқарушылар кеші» 2018 жылдың 6 желтоқсан күні сағат 17-00-де 1-залда өтті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының «Менеджмент» мамандығының 1-4 курс студенттерінің басын қосатын кеш биылғы жылы да дәстүрін жалғастырды. Биылғы кеш жаңалығы – сайысқа Нархоз университетінің, Халықаралық бизнес академиясының «Менеджмент» мамандығының студенттері қатысуы. 16 қатысушыны «Сиқырлы бас киім» арқылы төрт топқа бөліп, 4 турда білім мен өнерлерін тамашаладық. Барлық қатысушылар өздерін жан-жақты қырларынан көрсетіп, түрлі турлардан сүрінбей өтті. Сайыс барысында студенттер жалпы экономикалық білімге ие екенін көріп, қандай сұрақ қойылса да кідірмей жауап бергеніне риза болдық. Болашақ менеджерлерді сан қырынан көрсетуге арналған интеллектуалдық-ойын кеші биылғы жылы қызығырақ, қиынырақ болды.
«Менеджмент және маркетинг» кафедрасының аға оқытушысы Жумагазиева А.Г. және оқытушы Тынабекова Г.Н.






