"2019 жыл - Жастар жылы" жолдауының ашылу салтанаты.
23.01.2019"Eсеп және аудит" кафедрасының студенттері студенттер сарайында елбасының "2019 жыл - Жастар жылы" жолдауының ашылу салтанатына қатысты .
"Eсеп және аудит" кафедрасының студенттері студенттер сарайында елбасының "2019 жыл - Жастар жылы" жолдауының ашылу салтанатына қатысты .
ЭжБЖМ деканы, э.ғ.д. профессор м.а. Сагиева Римма Қалымбекқызы факультеттің оқытушы-профессорлық құрамы алдында есеп берді.
Erasmus + жобасының мониторингі «Жаңа әлеуметтік ортаны - ENINEDU шарттарына сәйкес жоғары білімнің және корпоративтік сектордың интеграциясын нығайту».
ЭжБЖМ студенттері Inholland University of Applied Sciences өкілдерімен кездесті.
28 желтоқсан күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талдауға дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Менеджмент және маркетинг кафедрасынан профессор М.У. Спанов сөз сөйледі.
2018 жылы 21 желтоқсанда сағат 11.00-де «Экономика және бизнес жоғары мектебінің» мәжіліс залында "Ұлт жоспары- "Қазақстан-2050 стратегиясының 100 нақты қадамы" жүзеге асыру іс-шаралары аясында "Менеджмент және маркетинг" кафедрасы және «Жетісу» банкроттық іс бойынша кәсіби басқарушылар одағы профессор-оқытушылар құрамының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік, қоғамдық және іскерлік құрылымдарының өкілдерінің қатысуымен «Қазақстанда өзін-өзі реттеу дамуының проблемалары мен перспективалары» атты республикалық дөңгелек үстел өткізді.
2018 жылдың 13 желтоқсанында әл-Фараби ат.ҚазҰУ-нің Экономика және бизнес жоғары мектебінде Фергана университетінің (Өзбекстан) өкілдерімен «Экономика және қызмет» кафедрасының меңгерушісімен, э.ғ.к., доцент Олимова Н.Х. және э.ғ.д., доцент Хонкелдиева Г.Ш. «Университеттердің ынтымақтастығы арқылы оқу үрдісінің модернизациясы» атты ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі күніне арналған халықаралық ғылыми-әдістемелік дөңгелек үстел өткізілді.
«Менеджмент және маркетинг» кафедрасының магистранттары, «Маркетинг» мамандығы 12.12.2018. MK18R тобында «Маркетинг кәсібі ретінде» тақырыбында ашық кеңес сағат өткізді. Консультанттың сағаты, экономика бойынша жалпы интеллектуалды ойыннан бастап болашақ мамандық туралы шағын викторинаға айналды. Маркетинг мамандығының әмбебаптығы туралы дау айтудың қажеті жоқ: бұл маман кез-келген компанияда сұранысқа ие, нарық зерттеп, аналитикалық ойлау мен шығармашылық қабілеттерге ие болуы керек. Маркетингтің шынайылығын түсінуде маңызды рөл студенттердің оқуын ынталандыру болып табылады. Бұл сұрақ кеңесшінің уақытында да қаралды. Студенттер «Маркетинг» мамандығының пәндері туралы ақпаратпен танысып, сұрақтарына жауап алды.
"Айналаңды нұрландыр" жобасы аясында "Eсеп және аудит" кафедрасының 4 курс студенттері және 2 курс магистрантары №1 балалар үйіне барып, дәмді тәттілермен және келе жатқан тәуелсіздік күнін құттықтап қайтты.
Қоғамның мәдени санасы кітап оқумен жаңғырады. Жоғары технология барынша дамыған тұста да парасатты оқу интеллектуалды дамуды айшықтамақ. Осыны ескерген əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті студенттерді тəрбиелеу бағытының бірі ретінде "100 кітап" жобасын құрған. Осы жоба аясында 2018 жылдың 7 желтоқсанында 1 курс Логистика мамандығының Л18к1 тобының студенттері орыс жазушысы Сергей Есениннің шығармашылығына арналған ашық кураторлык сағат өткізді. Студенттер қонақтардың назарына көрнекті ақын Сергей Есенин жайында, өмірі мен шығармашылығынан қызықты деректер туралы айтты, өз сөздерін бейне материалдармен безендірді. Студенттер айтулы шарада ақынның шығармаларын насихаттауды парыз санады. Ақынның жырлары мәңгі жасайды. Оның дәлелі – бүгінгі жастар. Жастардың өнерін, ақынның жырларына деген құштарлық-құрметін олардың Сергей Есениннің еңбектерін түсіне, соны сезіне оқып, айтқандарынан байқауға болады...
Куратор-эдвайзер: Баймуханбетова Э.Е.