Жаңалықтар

АНАЛИТИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС-ПРОЦЕССТЕРДІ ЦИФРЛАНДЫРУ

19.11.2022

«Экономика» кафедрасы «Кәсіпкерлік» пәнінің шеңберінде қонақ дәріс ұйымдастырды. Спикер - Durham University түлегі, «Magnum Cash&Carry» ЖШС - нің Бизнес аналитика бөлімінің басшысы Сакен Кудияров.  Спикер барлығымыз білетін Beeline Kazakhstan, RG Brands, FirstBIT, Vodafone жұмыс істеген. Дәріс “Аналитика және бизнес-процесстерді цифрландыру” тақырыбында өтті. Дәріс барысында студенттер бизнес аналика жасау дағдысының, бизнес аналитикадағы эконометрикалық талдаудың және бағдарламалау әдістерінің маңыздылығы, тиімділікті арттырудағы цифрландырудың маңыздылығы туралы ақпаратты  «Magnum Cash&Carry» ЖШС кейсінде танысып, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды.

Ары қарай оқу >>

Бизнес бастау жолы

19.11.2022

Жұмыс беруші мен кәсіпкердің Ерниязов Қ.Ш. қатысуымен «Бизнес бастау жолы» тақырыбында дәріс өтті. Бұл өте қызықты және әсерлі болды. ЭжБЖМ 1 курс студенттері «Кәсіпкерлік» курсы бойынша теориялық білімдерін спикер Қуанышбек Шынболатұлының практикалық дағдылары мен лайфхактары арқылы бекітті. Таңертеңгілік кездесудің ең көрнекті тұсы – "ерекше ұлт – Казгушники" сабақтастығы. Бүгінгі спикер ҚазҰУ-ның «Экономика» кафедрасының түлегі. Қонақ дәрісі нәтижелі болды, өйткені спикер өз тәжірибесінен мысалдар келтірді. Осылайша ол студенттерге шағын және орта бизнес мәселесі қашанда өзекті болатынын көрсетті.

Ары қарай оқу >>

Алматыда жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында футзалдан қалалық деңгейдегі турнир өтті

19.11.2022

Турнир нәтижесі бойынша Алматы техника-экономикалық қатынас жолдары колледжінің «Темір тұлпар» командасы финалда 4:3 есебімен Қазақ қатынас жолдары университетінің «Локомотив» командасын ұтқан. Турнирдің қола жүлдесін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика кафедрасының студенттерінен құралған команда жеңіп алды.

 

- Қалалық деңгейде өткен футзал турнирында үздік үштікте болғанымызға өте қуаныштымыз. Осындай спорттық мереке үшін ұйымдастырушыларға рахмет. Осындай турнирлердің жиі өткізіліп тұрғанын қалаймын, - деп өз қуанышымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Цифрлық экономика» мамандығының студенті Смағұл Жандос бөлісті.

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мақтау қағаздарымен және кубокпен марапатталды. Сонымен қатар, үздік ойыншылар келесі номинациялар бойынша дипломдарға ие болды: «Үздік ойыншы» - Миннадыгер Гариф, «Үздік жас ойыншы» - Серікбай Ханзат, «Үздік бомбардир» - Пернебек Даниал, «Үздік қақпашы» - Бурданов Дмитрий, «Үздік қорғаушы» - Аманжолов Елдос , «Үздік жартылай қорғаушы» - Ақанұлы Дархан және «Үздік шабуылшы» - Қыдырбаев Ағытай,

 

Ұйымдастырушылар: Нұрғазы Шыңғыс, Парманкулова Индира, Салибекова Перизат, Есенгелдиева Гульмира

Ары қарай оқу >>

Әлемдегі саяси-экономикалық өзгерістер жағдайындағы Қазақстан дамуының жаңа бағыты

19.11.2022

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінде «Экономика» кафедрасының ұйымдастыруымен 15.11.2022ж. факультеттің магистранттары және Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ магистранттарының қатысуымен Жас ғалымдардың халықаралық ғылыми практикалық семинары өтті.

Халықаралық ғылыми-практикалық семинардың мақсаты – әлемде орын алып жатқан саяси-экономикалық өзгерістерде Қазақстан экономикасының жаңа даму бағыттарын айқындау болып табылды.

Халықаралық семинарда «Әлемдегі саяси-экономикалық өзгерістер жағдайындағы Қазақстан дамуының жаңа бағыты» тақырыбында баяндамалар жасалынып, баяндамашылар өз ойларын ортаға салды. Халықаралық семинарға ҚХР Ухань университетінің докторанты Еркін Назарбай және Варшава университетінде академиялық мобильділік бойынша оқып жүрген  Шалабаев Ислам мен Зәуренбек Ерік онлайн қатысып баяндамалар жасады, ал Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ 2 курс магистранттары Елеусинова А.Б., Бауыржан Ж., Оспан К.Д., Елеусиз А.Д., Дидарқызы Қ., Журавлев А.М., Королев П.О. ғылыми іздену тақырыптары бойынша саяси-экономикалық өзгерістердің әсерін қарастырды. 

Жас ғалымдардың халықаралық ғылыми практикалық семинарын ұйымдастырушылар: «Экономика» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., профессор м.а., Даулиева Г.Р., «Экономика» кафедра меңгерушісінің ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары PhD докторы Кондыбаева С.К.,  Экономика магистрі, «Экономика» кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, аға оқытушы Иляшова Г.К., «Экономика» кафедрасының доценті, э.ғ.к. Байтанаева Б.А. және Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-ның және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «7М04102 - Экономика» мамандығының 2 курс магистранттары.

Ары қарай оқу >>

Әділетті экономика: Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдылықтары

15.11.2022

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес факультеті «Экономика» кафедрасы 2022 жылдың 10 қараша күні «Әділетті экономика: Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдылықтары» тақырыбында Л.М.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті магистранттарының қатысуымен республикалық дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге қатысқан Л.М.Гумилев атындағы ЕҰУ «Экономика» мамандығының 2 курс магистранттары: Елеусиз А.К., Бауыржан Ж., Елеусинова А.Б., Дидарқызы Қ., Исаев А., Оспан К., Журавлев А.Ф., Королев П.О. қатысты. Дөңгелек үстел барысында «Әділетті Қазақстан», «Әділетті Қоғам», «Әділетті экономика» мәселелері бойынша қатысушылар өз көзқарастарымен бөлісті. Қазіргі кезде азаматтардың табысы экономикалық әлеуетімізбен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Бұл ахуал, негізінен, Қазақстанда шикізатты ауқымды өңдеу ісінің жолға қойылмауына байланысты қалыптасты. Сондықтан дайын өнім шығару үшін бизнеске қолжетімді шикізат жеткізуді қамтамасыз етеміз. Әділетті Қазақстанда заң талаптарын сақтайтын кез келген шағын, орта және ірі бизнеске лайықты жағдай жасалады. Экономиканың барлық саласында тұрақты жұмыс орындары ашылады. Барлық өңірді кешенді дамытуға ерекше назар аударылады. Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар: «Экономика» кафедрасының меңгерушісі э.ғ.к., профессор м.а. Даулиева Г.Р., кафедраның аға оқытушылары Иляшова Г.К., Кулиев И.У., Тураров Д.Р.

Ары қарай оқу >>