Іс-шаралар күнтізбесі

Факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамының халықаралық ғылыми семинарларға қатысуы.

24.08.2020

24-29 тамыз 2020

2020 жылдың 24-29 тамызында тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Удербаева С.К. «Орталық Азия 18-19 ғасырлардағы халықаралық қатынастардағы» халықаралық семинарға онлайн режимінде қатысты. Ресей ғылыми қорының жобасы аясында «Ресейдің Маңғыстаудағы (Маңғышлақ) Орталық Азияның ерекше аймағында империялық саясатының ерекшеліктері» - тақырыбында баяндама жасады. Семинар Б.Н.Ельцин атындағы Президент кітапханада Санкт-Петербург к. өтті.

Ары қарай оқу >>

Кафедра оқытушылар құрамының имидждік қызметі.

29.06.2020

2020 жылы 29 маусымда республикалық «Казахстанская правда» газетінде «Қыр баласы - Дала ұлы» атты мақала жарық көрді, онда белгілі қазақстандық журналист Игорь Прохоровпен бірлесіп, тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан тарихы кафедраның аға оқытушысы Удербаева Сәуле Кәрібайқызы «Алаш» партиясының жетекшісі мен Алаш автономиясының төрағасы Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қызметі туралы әңгімелейді. Мақала материалдарын сілтеме бойынша таба аласыз: https://www.kazpravda.kz/news/slavnie-imena-velikoi-stepi/kir-balasi--sin-stepei

Ары қарай оқу >>

Кафедра оқытушылар құрамының имидждік қызметі.

12.06.2020

2020 жылы 12 маусымда республикалық «Казахстанская правда» газетінде «Шығыстанушы, агроном, саясаткер» атты мақала жарияланды, онда белгілі қазақ журналисті Игорь Прохоровпен бірлесіп, тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан тарих кафедрасының аға оқытушысы Удербаева Сәуле Кәрібайқызы «Алаш» партиясы жетекшілерінің бірі, шығыстанушы, алғашқы қазақстандық ғалым-агроном, саясаткер Сатылған Сабатаевтың өмірі мен қызметі туралы әңгімелейді.

Мақала материалдарын сілтеме бойынша таба аласыз: https://www.kazpravda.kz/fresh/view/vostokoved-agronom-politik

 

Ары қарай оқу >>