2021 жылы 29 қаңтарда тарих ғылымдарының докторы, профессор Дина Исабаевна Дулатованың туғанына 90 жыл толуына орай «Отандық тарих ғылымының өзекті мәселелері» атты онлайн форматта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.

17.01.2021

Көрулер: 1514

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Тарих, археология және этнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасы 2021 жылы2 9қаңтарда тарих ғылымдарының докторы, профессор Дина Исабаевна Дулатованың туғанына 90 жыл толуына орай «Отандық тарих ғылымының өзекті мәселелері» атты онлайн форматта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. 

Конференция мақсаты –Дина Исабайқызының отандық тарих ғылымы мен тарихнамасының дамуына қосқан үлесін және қазіргі кезеңдегі отандық тарих ғылымының өзекті мәселелерін талқылау болып табылады.

Конференцияның жұмысы барысында профессор Д.И.Дулатованың өмірі мен ғылыми шығармашылығы, замандастары мен шәкірттерінің естеліктері, ғалымның отандық тарих ғылымы мен тарихнамасына қосқан үлесі, қазіргі кезеңдегі отандық тарих ғылымының даму бағыттары талқыланады. Сонымен қатар отан тарихының саяси, мәдени және әлеуметтік-экономикалық мәселелеріне қатысты жүргізілген ғылыми - ізденістердің тұжырымдары сарапталады.

Конференцияның жұмыс бағыттары:

-         Профессор Д.И. Дулатова туралы замандастары мен шәкірттерінің естеліктері;

-         Профессор Д.И. Дулатовананың отандық тарих ғылымына қосқан үлесі;

-         Қазіргі кезеңдегі отандық тарих ғылымының өзекті мәселелері.

Конференцияның өткізілу тілдері – қазақ және орыс.

Конференция жұмысына отандық жетекші және жас тарихшы мамандар, қоғамтанушы ғалымдар, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, БАҚ өкілдері қатысады.

Конференция материалдарын рәсімдеу талаптары қосымшада беріледі.

 

Конференцияға қосылу Zoom

https://us02web.zoom.us/j/8313716923?pwd=U3g2NzZXK0tJdmREYjNYYXdScWVOQT09

Конференция идентификаторы: 831 371 6923

Кіру коды:802233 

 

ҚҰРМЕТПЕН, ҰЙЫМДАСТЫРУ АЛҚАСЫ!

 

Қосымша 1

Материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар:

 

Конференция бағдарламасына кіргізіп, жинағын дайындау үшін 2021 ЖЫЛДЫҢ

25 ҚАҢТАРЫНА ДЕЙІН толтырылған тіркелу формасын, 7-10 бетке дейінгі көлемдегі Microsoft Оffice Word (2003, 2007) арқылы терілген мақалаларыңызды«конференцияға» деген айдармен электронды нұсқасын (материал кері қайтарылмайды) ұйымдастыру алқасына жіберу қажет.

Ұйымдастыру комитетінің байланыстары: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, Бас оқу ғимараты 3, каб. 4-4, Қазақстан тарихы кафедрасы. Тел.: +7 (727)3773338 (вн. 12-86), 87023966606 – Маликов Бахытжан Усенұлы, e-mail: kafedra.kaz@gmail.com

Әр файлда тек бір мақала болуы керек, файлдың атауына автордың тегі жазылуы қажет (Мысалы: Sadykova Ainur_ conference)  

 

Баяндамалардырәсімдеугеқойылатынталаптар:

  • ·      шрифті Times New Roman, (12 pt); интервал – 1, жиектері: жоғарғы – 2 см, төменгі – 2 см, сол – 3 см, оң – 1 см, абзац– 0,6 см.;
  • ·  жоғарғы жағында баяндама тақырыбы, 1 интервалдан кейін автордың аты-жөні, жұмыс орны, қаласы, тағы 1 интервалдан кейін мәтін
  • ·  суреттер (ақ-қара түсті) 300 dpi –ден кем емес JPEG, JPG форматында сканерленген болуы шарт
  • ·  Сілтеме тік төртбұрышты жақшамен мәтіннің соңында берілуі тиіс.

 

Жинаққа ұсынылатын материалдарыңыз қатаң редакцияланған, талапқа сай болуы тиіс. Баяндама мәтіні мен мазмұнына автор жауап береді. Мақаланы қабылдау, жариялау туралы шешімді Ұйымдастыру алқасы қабылдап, 3 күн мерзімнің ішінде электронды адреске жауаптарын жібереді. Конференция жинағы ұйымдастырушылар қаржысына шығарылады.

 

Конференцияға қатысушылардың жолы, қонақ үйі, тамағы конференцияға қатысушылардың тарапынан төленеді.

 

ТІРКЕЛУ ФОРМАСЫ

Тегі ______________________________________________________________

Аты______________________________________________________________

Әкесініңаты (толық)________________________________________________

Ғылыми дәрежесі, лауазымы__________________________________________

Жұмысорны (елі, ұйымныңтолықатауы, кафедрасы)____________________

Байланыс телефондары, E-mail _______________________________________

Секция____________________________________________________________

Баяндаматақырыбы_________________________________________________

Мен:

¨     Секция отырысында баяндама жасаймын;

¨     Конференцияға тыңдаушы ретінде қатысамын;

¨ Сырттай қатысамын.

 

Өтетін орны: Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 71, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих, археология және этнология факультеті,Ғылыми кеңес залы (404). Басталуы: сағ.11.00.