Режиссер, журналист Әлішер Баязитовтың шеберлік сағаты

10.10.2019

Көрулер: 2098

10 қазан күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде «PR және халықаралық журналистика апталығы» аясында танымал қазақстандық видеооператор Дильшат Иминовтың шеберлік сағаты өтті.  Маман өзінің кино индустриядағы және жаңалықтар саласындағы жұмысы туралы айтып, студенттер мен халықаралық жобаларда жұмыс істеу дағдыларымен бөлісті.

Шеберлік сағатқа қатысушы  студенттер түрлі сұрақтар қойып, қойған сұрақтарына толық жауап алды. Студенттерді әсіресе Арал теңізінде «National Geographic» телеарнасы үшін түсірілген бағдарлама кезіндегі  жұмыс қатты  қызықтырды, түсіруші топ  Памир тауларын тікұшақпен жүріп    түсіруге мәжбүр болған екен. Қытай кино компаниясы үшін танктерді түсіргендіктері туралы әңгіме студенттерге  өте қызық болды.